Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та жасөспірімдер қару ұстауға қарсы наразылық білдірді

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2018
  • 2515

АҚШ-та мектеп оқушылары қару ұстауға қарсы наразылық білдірді. Олар "Кезек менікі ме?" деген жазуы бар плакат ұстап, құрбандар секілді Ақ үй алдындағы жолға жатып алды. Жасөспірімдер Флоридадағы қайғылы оқиғадан соң қару ұстауға шектеу қоюды талап етті. Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлады. Алайда бұл кезде Ақ үйде Дональд Трамп болмаған. Бұған дейін Флоридадағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға болған еді. Бұрын тәртібі үшін мектептен қуылған 19 жасар жігіт 17 оқушыны жайратып салды.

Эмма Гонзалес:

Бұл біз үшін президент Трамппен, губернатор Рик Скоттпен және штат сенаторы Марко Рубиомен сөйлесетін мүмкіндік. Біз "қажет істерді қолға алатын кез туғанын" айтқымыз келеді. Біз Ұлттық ату ұйымын қаржыландыратын олармен және АҚШ үкіметінің басқа да мүшелерімен сөйлесуге тырысып жатырмыз.

Өзгеріс енген АҚШ конституциясында азаматтарға қаруды ұстау, сақтау құқы берілген. Оны Трамп және республикалықтар құптайды. Ал демократтар бұған қарсы. Алайда наразылық акцияларына қарамастан, конгресстің қос палатасы да үнсіз отыр.