Русский Сайттың толық нұсқасы

Қауіпсіздік тек бір салада емес, барлық салада болуы тиіс - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2018
  • 2471

"Қауіпсіздік тек бір салада емес, барлық салада болуы тиіс". Астанада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.  Жиынды ашқан Елбасы өркендеген 30 елдің арасына кіру үшін талай шаруа жасауымыз керектігіне тоқталды.  Дамыған мемлекеттер қатарына қосылу жолында кедергі мен қиыншылықтар бар екенін де баса айтты. "Оның барлығынан өтіп, бағдарламаларға тиісті өзгерістер енгізіп отыруымыз керек. Өткен жылы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылдадық". Осылай деген мемлекет басшысы орталық мемлекеттік орган басшылары мен өзге де жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қауіпсіздік тек қана әскери қауіпсіздік, ішкі саясат емес, барлық жағынан болуы тиіс. Барлық салада жасайтын шаруалар көп. Сондықтан қалай орындалып жатыр деген мәселемен бүгін жұмыс істейтін боламыз. Одан кейін осы салада бір облысты әрқашан таңдаймыз дедік. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан шаруаны қараудың арқасында барлық облыстарға не істеу керек екендігі жөнінен тиісті мәліметтер береміз.