Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер қатынастарын реттеу туралы заң екінші оқылымда мақұлданды

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2018
  • 3300

Бір пайыз болсын шет елдік үлесі бар компанияларға жер сатып алуға тиым салынады. Бұған дейін 49 пайыз үлесі болса ала беретін. Бүгін Мәжіліс жер қатынастарын реттеу туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. 2016 жылы мамыр айында Қазақстанның Жер кодексіндегі бес бірдей бапқа Президент мораторий жариялаған. Оның ішінде шет елдіктерге жер сату туралы бөлігі де бар. Бұл тиым 2021 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады. Оған дейін төрт жыл ішінде жерді түгендеу, жайылымдар мәселесін шешу жайы реттеледі. Шекаралық аймақтардағы жерді қадағалау да назарға алынады, - дейді вице-министр. Шет елдіктерге жер сату мәселесі  мораторий біткен соң, қайта қаралады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

Мораторий біткенше, біз егжей-тегжейлі жұмысты қамтып болған соң, ел болып, халық болып нақты шешім қабылданады.

Сондай-ақ мәжілісте жұмыспен қамту бойынша заң жобасы қаралды. Министрдің мәліметінше, екі қолға бір күрек іздегендердің мәселесіне шешу мақсатында жеке агенттіктер тартыла бастайды. Өйткені бұл ауқымды іске жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту бөлімдерінің күші жетпейтін көрінеді. Елде осындай 199 бөлім жұмыс істейді. Жеке агенттіктер электронды еңбек биржасына шығарылған жұмыссыздар тізіміне қарап, мемлекеттен тапсырыс алады. Биыл 60 мың адамды электронды биржаға шығару көзделіп отыр. Жекелеген агенттіктер жауапты істі жүргізіп қана қоймай, бюджет қаражатын тиімді игеруі керек, дейді мәжіліс төрағасы.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

В бюджете предусмотрены большие финансовые средства, которые выделяются для того, чтобы людям приносить пользу и чтобы люди почувствовали конкретный результат. А не так, чтобы выделили деньги, потратили, отчитались и никто не получил конкретной помощи.