Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында «Оңалту түрмесі» жобасы іске қосылды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2018
  • 2561

Қарағанды облысында тұңғыш рет «Оңалту түрмесі» іске қосылды. Пилоттық жоба түрмедегілерді абақтыдан шығар алдында қоғамға қайта бейімдеуді көздейді. «Оңалту түрмесі» аймақтың Қарабас және Долинка кенттеріндегі екі түзету мекемесін қолға алынып отыр. Бағдарлама 500-ден астам жазасын өтеушіні қамтымақ. Оларға арнайы құрылған жұмыс тобы әлеуметтік-құқықтық кеңестер береді. Мамандар сотталғандарды алдымен ашу-ызаны басқаруға үйретеді. Бұдан кейін қаржылық сауаттылықтарын жетілдіріп, тіпті тұрғын үй бағдарламаларымен де таныстырылмақ. Кешенді сабақтарға абақтыдан босауына 6-12 ай қалғандар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар қатысады.

Бекболат Шәкіров, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қарағанды облыстық басқармасы басшысының орынбасары:

«Бұл, мысалы, денсаулығына байланысты көмек керек болса, көмектерді ұйымдастырамыз. Және де оқу, білім керек болса. Жалпы «Оңалту түрмесі» пилоттық жобасының мақсаты - бас бостандығынан айырылған азаматтар босап шыққаннан кейін олар қайта қылмыс жасамау үшін, мақсаты сол».