Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының құрылғанына 19 жыл толуына орай партия құрамы 19 адаммен толықты

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2018
  • 3230

"Нұр Отан" партиясының қатарына қосылу мәртебеге айналды. Бүгін саяси ұйымның құрылғанына 19 жыл толуына орай партия қатары 19 жаңа мүшемен толықты. Олар әр салада еңбек етіп, өз-өзін дәлелдеген азаматтар. Табысты кәсіпкерлер, медицинада тың жаңалық ашқан, өзі ісіне адал мамандар мен жарыстарда топ жарған жастар. Солардың бірі - Серік Есматов. Ол жарымжан болғанына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі жандарға шексіз мүмкіндіктер, кедергісіз келешек сыйлау үшін партиямен бірлесе жұмыс істеуге әзір.

Серік Есматов, волейболдан паралимпиадалық жастар құрамасының капитаны:

Мен 2011 жылы тамызда екі аяғымнан айырылдым. Бірақ мен өзіме деген сенімнен айырылмадым. Мен біздің болашағымызға, жастардың жарқын болашағына үміт сыйлағым келеді.

Мұхтар Манкеев, "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

Партия мүшесі болу, біріншіден, - мәртебе, екіншіден - үлкен борыш.

Бүгінде партияның 1 миллионға жуық мүшесі бар. Осы уақытқа дейінгі ел жетістігіне нұротандықтардың да үлесі зор. Осылай деген Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күні олардың әрқайсысына ризашылығын білдірді. 

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Партияны жаңғыртудағы басты бағыттардың бірі - кадрмен жұмыс істеу. Саяси кеңес отырысында мемлекет басшысы оның маңызды екенін айтты. Біздің миллион әскеріміз бар. Бірақ біз партияның кадрлық өзегін қалыптастыруымыз керек. Олар президент тапсырмасын жүзеге асырғысы келетін, белсенді, ел өмірін жақсартуға талпынатын, елді жаңғыртқысы келетін азаматтар болуы тиіс. Партияға кіруге ешкімді мәжбүрлемейміз. Санға емес, сапаға жұмыс істейміз. Біз кәсіби мамандарды, патриоттарды, партияға саналы түрде келетін адамдарды тарту керекпіз.