Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ 30 күн ішінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2018
  • 2487

АҚШ 30 күн ішінде Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізбек. Ресми Вашингтонның бұл қадамы туралы елдің қаржы министрі Стивен Мнучин айтты, - деп хабарлайды Рейтерс. Ресей азаматтарына қарсы шектеулер қолданылатыны туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да мәлімдеген болатын. Мнучин Мәскеуге бағытталған жаңа шектеулер тізімі алдағы бірнеше аптада жарияланатынын жеткізді. Сондай-ақ "Америкадағы сайлауға кедергі келтіргісі келді" деп айыпталған 13 ресейлікке қатысты санкциялар дайындалып жатқанын қосты. Министрлік бұл шараны федералды тергеу бюросымен бірлесе отырып әзірлеген. Ал бірер күн бұрын АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі  Хизер Нойерт "Ресей санкциялардың кесірінен 3 миллиард доллардан астам келісімшарттан қағылды" деп мәлімдеген. 

Стивен Мнучин, АҚШ қаржы министрі:

Ресейге қарсы санкциялар қолданатынымызды президентке айттым. Ол бұны естігенде қуанды. Санкциялар алдағы 30 күн ішінде жарияланады. Қазіргі шектеулерді толығымен қолданамыз және жаңа санкциялар енгіземіз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА