Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2018
  • 2857

Былтыр Батыс Қазақстан облысында өндіріс, қайта өңдеу секторы мен құрылыс саласы қарқын алған. Жалпы өнім көлемі 2,2 триллион теңгеге жеткен. Президент қабылдауында болған Батыс Қазақстан облысының әкімі осылай деп есеп берді.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде экономикада оң үрдістер байқалған. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ