Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетика министрінен сөгіс алынып тасталды

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2018
  • 2496

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өзінен алынған сөгіс туралы түсініктеме беруден бас тартты. Ол Үкімет отырысынан соң күтіп алған журналистер қауымының сұрағына жауап беруге құлықсыздық танытты. Бүгін Президенттің Қанат Бозымбаевтан былтыр күз айында жариялаған сөгісті алып тастағаны белгілі болды.

Айта кетейік, Үкімет басшысы елдегі бензин тапшылығы үшін Энергетика министрі мен "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының басшысына сөгіс жариялау туралы президентке ұсыныс енгізген болатын.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: 

Менде комментарий бұл мәселе туралы жоқ.