Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әкімі қаладағы түтін мәселесін шешуге уәде берді

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2018
  • 3087

Астана әкімі бас қаладағы тұрғындардың "бас ауруына" айналған түтін мәселесін шешуге уәде берді. Көпқабатты үйлерде лифт құласа, олармен айналысатын компаниялар ғана емес, ПИК басшыларын да жауапқа тартамыз деп сендірді. Халықпен есепті кездесу өткізген Елорда басшысы Әсет Исекешев тұрғын-үй коммналдық шаруашылығы туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Астаналықтарды суды үнемдеуге шақырды.

Әсет Исекешевтің жиыны әу баста әдемі басталған. Тіпті сұрақ-жауап кезіндегі у-шудың алдын алу үшін, сұрақ қоям дегендерге нөмірлер беріліпті. Алайда бұл көмектеспеді. Үлесін ала алмай жүрген үлескерлер әдеттегідей жиынның шырқын бұзды.

Астананың басшылығы ауысқанымен, халықтың проблемасы өзгеріссіз. Қашан да қайнап тұратын мәселе, әрине, баспана жайы. Былтыр Елордада 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй берілген. Бұл  рекордтық көрсеткіш. Алайда ол жеткіліксіз. 

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Адам саны өсуде. Қазір бізде 1 млн 30 мыңнан астам адам тұрады. Өткен жылы тағы 200  адам уақытша тіркелді. Сондықтан әлі де болса шешілмей жатқан проблема бар.

Әсет Исекешев халықты суды үнемдеуге шақырды. Ол үшін қатаң шара қолданылатынын айтты. Жыл сайын түтінге қақалған астаналықтарға, мәселені шешеміз, деп сендірді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Біз көмір жағуды тоқтататын боламыз. Одан да таза көздерді немесе таза көмірді қолданған дұрыс. Экологияға зиянды қалдықтардың 50 пайызын ауаға шығаратын көліктер мәселесі де қаралып жатыр. Коммуналды шаруашылықтағы көліктер мен автобустарды газға ауыстырдық. 

Жиында белгілі болған бір жақсы жаңалық - мүгедек балалардың қамқоршылары қоғамдық көліктерде тегін жүретін болды. Әсет Исекешев мұңын арқалап келген адамдарға басты құтқарушы ретінде көрінген сияқты. Шулы тұс әдеттегідей сұрақ-жауап кезіне дөп келді. Кезек жетпей ашынған әйелдерді күзет әрең ұстап тұр. Оларды залдан шығарып жіберу операциялары іске аспады. Жыры 3-4 жылдан бері жалғасып келе жатқан "Азбука жилья" тұрғын үй кешені үлескерлерінің өкпесі қара қазандай

Әкім үй бағасының екі есе төмендегенін айтты. Қазіргі баға шаршы метрі үшін 324 мың теңгеге дейін түскен көрінеді. Алайда ашынған халық бұған жұбанбады. Амалы қалмаған әкім ақыр соңында залды басына көтерген топқа микрофон бергізді.

Я хочу сказать, кто в очереди стоит, я прямо сейчас и мои замы примем всех. Дайте микрофон 2 сторонекоторые 2 часа уже кричат. Дайте микрофон, дайте. Уважаемые дольщик если вы хотите стобы вас слушали, пожалуйста успокойтес.

«Азбука Жилья» кешенінің барлық үйлерін «Орда инжиниринг» серіктестігінен алып қойып, құрылысты аяқтап, үлескерлер мәселесін шеше алатын «Елорда құрылыс компаниясына» берулеріңізді сұраймыз.

Әсет Исекешев Астанада 51 проблемалы нысан тіркелгенін айтты. Оларды салып бітіру үшін ұлттық қордан 40 миллиард теңге бөлінеді деді. 33 тұрғын үй бойынша тергеу жүріп жатқан көрінеді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Құрылыс бойынша техникалық қаржылық аудит өтпей, ұлттық қордан қаржы бөлінбейді. Шығыс, Жағалау, Азбука жилья кешендері бағдарламаға кірді. Бірақ ұлттық қордың ақшасын тексеріссіз бере алмаймыз.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Осылайша халықтың бас шаһар басшысына қоямыз деген сұрақтары жылдағы дәстүр бойынша биыл да қордаланып қалған екен. Сауалын қойып үлгермегендер жиын аяқталған соң, Әсет Исекешевті қоршап алып, бір қадам аттатпады. Ақыр соңында әкім мырза «барлықтарыңды қабылдаймын» деген уәдемен ғана шыға алды залдан.

Айгүл ӘДЕПБАЙ