Қызметкерлерді қайта даярлау мен оқытудың жаңа форматы. "Нұр Отан" партиясы осындай жаңашылдықты іске қосты. Биылғы ұзақ мерзімді оқыту бағдарламасы саяси көшбасшылық және саяси-партиялық менеджмент бағытында жүргізіледі. Ережеге сай, оқыту бағдарламасына 100 үміткер тандалады. Айта кетсек, саяси көшбасшы бағыты бойынша 40 адам қабылданса, саяси-менеджмент саласында 60 адам білім алады. Оқу онлайн форматында өткізіледі. Бұл шалғайдағы аудандарда еңбек ететін адамдарға қолайлы болу үшін жасалған. Саяси көшбасшыға үміткерлердің міндетті түрде мемлекеттік қызметте 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Тиісті құжаттар 26 наурызға дейін қабылданады.
Ақерке Абылайхан, «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары:
Минималды пакет құжаттар,
тапсыратын құжаттар тізімі өте аз. Бұл жерде барлығы біздің академияның
сайтында толық көрсетілген. 7 наурыздан бастап бүкіл ақпаратты сайтқа қойдық.