Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұр Отан" партиясы қызметкерлерді қайта даярлау мен оқытудың жаңа форматын іске қосты

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2018
  • 3411

Қызметкерлерді қайта даярлау мен оқытудың жаңа форматы. "Нұр Отан" партиясы осындай жаңашылдықты іске қосты. Биылғы ұзақ мерзімді оқыту бағдарламасы саяси көшбасшылық және саяси-партиялық менеджмент бағытында жүргізіледі. Ережеге сай, оқыту бағдарламасына 100 үміткер тандалады. Айта кетсек, саяси көшбасшы бағыты бойынша 40 адам қабылданса, саяси-менеджмент саласында 60 адам білім алады. Оқу онлайн форматында өткізіледі. Бұл шалғайдағы аудандарда еңбек ететін адамдарға қолайлы  болу үшін жасалған. Саяси көшбасшыға үміткерлердің міндетті түрде мемлекеттік қызметте 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Тиісті құжаттар 26 наурызға дейін қабылданады. 

Ақерке Абылайхан, «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары:

Минималды пакет құжаттар, тапсыратын құжаттар тізімі өте аз. Бұл жерде барлығы біздің академияның сайтында толық көрсетілген. 7 наурыздан бастап бүкіл ақпаратты сайтқа қойдық.