Русский Сайттың толық нұсқасы

АШМ техника лизингін субсидиялауды қайта бастайды

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2018
  • 2510

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту ісіне жан бітетін түрі бар. Сала министрлігі лизинг бойынша техника алуға субсидия бөлуді қолға алатын болды. Бұл туралы  "ҚазАгроҚаржы" өкілдері мәлімдеді. Яғни бір кездері жұмыс істеген бағдарлама қайта іске қосылады. Ұсыныс Үкіметке жолданған.

Қазір елде бар тракторлардың 86 пайызының қолдану мерзімі 10 жылдан асып кеткен. Комбайндардың 72 пайызының тозығы жеткен. Жаңарту көрсеткішін жылда 6-8 пайызда ұстау керек дейді. Былтыр техниканың 2 пайызы ғана жаңартылған. Сондықтан АШМ  лизингке техника сатып алу бағдарламасын субсидиялауға бюджеттен биыл 50 млрд  теңге сұрап отыр.

Рустам Қарағойшин, "Қазагроқаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Қазір 14,5 пайыз. Талқылау жүріп жатыр. 7 пайыз туралы, мүмкін, басқа да пайыз болады. Үкімет қаулысы шықсын, көреміз. Егер 7 пайыз болса, сатып алушы да 7-8 пайыз несие төлейді.