Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңырдағы тасқыннан кейін көшедегі сулар қатып қалған

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2018
  • 2175

Байқоңырдағы тасқыннан кейін көшедегі сулар қатып қалған. Бұл коммуналды қызмет өкілдерінің жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Арнамызға хабарласқан Байқоңыр қаласының тұрғындары осылай деп отыр. Кейбір байқоңырлықтар дүкенге үрлемелі резіңке қайықпен жол салыпты. Ал суға батқан жолаушы тасушы көліктерді құтқарушылар эвакуациялап жатыр. Коммуналды қызмет өкілдері көшелер мен аулаларға жайылған 250 текше метр суды тазартқан. 

Талғат Жүсіп, Байқоңыр қаласының тұрғыны:

Байқоңыр қаласының ресми билігі, бұл апатты негізінен табиғаттың ықпалынан болды, дейді. Ал суық су құбыры жарылғаны жайлы тиіп-қашып қана айтады. Дегенмен күннің суықтығы жағдайды қиындатып отыр. Су қатып жатыр. Жетінші мөлтек ауданындағы 3,4,5 үйлердің жертөлелері су астында қалды. Қазір қалаға көмекке төтенше жағдайлар министрлігінің күштері келді.