Русский Сайттың толық нұсқасы

Жабай өзені жағасында тұратын 500-ден астам отбасы Атбасарға көшуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2018
  • 5658

Ақмола облысы аумағындағы Жабай өзенінің жағасын мекендеген тұрғындар Атбасарға көшірілуі мүмкін. Облыс басшылығы бұл туралы Үкіметке ұсыныс жолдаған. Тасқынның алдын алуға қатысты Сенатта өткен жиында осы мәселе жайлы айтылды. Аймақта барлығы 528 үй өзен жағасына жақын тұрады. Онда 2 мыңға тарта тұрғын бар Өңір басшылығы Жабайдан төнетін қауіптің бетін қайтарудың екі жолын ұсынады. Бірі - дамба салу. Ол 12 млрд-қа түседі. Ал  Атбастардан үй салып, тұрғындары көшіруге 7 млрд теңге жетеді дейді. Дамбаны салу үш жылға созылса, үй құрылысын биыл аяқтаймыз деп отыр.

Василий Крылов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары: 

Если деньги будут в полном объеме, то в течение года без проблем. - Какая часть из бюджета, какая часть местная? - По ЧС выделяется 100% от бюджета.

Әкім орынбасарының айтуынша, тұрғындар арасында сауалнама жүргізілген. 528 адамның 389, яғни 75 пайызы, көшуге қарсы емес көрінеді. Ал, су ресурстары комитеті әкімшілік дамба бойынша жоба құнынын асыра бағалап отырғанын айтты. Құрылысы бұдан арзанға түсуі мүмкін дейді.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ, су ресурстары комитетінің төрағасы:

Дамба құнын тым асыра бағалаған. Біз жылына осындай 10 шақты дамба саламыз. Мысалы, Сырдариядағы 50 шақырымдық бөгет құрылысы. Жабайдан бірнеше есе қауіпті. Бағасы қаншаға түсетінін жобамен білеміз.

Еске салайық, былтыр Ақмола облысында  Жабай өзені арнасынан тасып, қызыл су алапат шығын әкелген. Дариға Назарбаева проблеманы шешудің жолы ретінде өзеннің атын өзгертуді ұсынды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Надо изменить название реки. Жабай - это дикая, не управляемая река. Может, поможет повлиять на ситуацию.