Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда көлік құралдарының электрондық паспорты енгізіледі

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2018
  • 3176

Қазақстанда көліктердің электронды паспорты болады. Жаңа жүйе 1 шілдеден бастап енгізілмек. Электронды құжатта автомобильге қатысты барлық ақпараттар сақталады. Көлікке қатысты шектеулер, техникалық сапасы мен оның жол-көлік апатына ұшырағаны туралы мәліметтер жазылады. Көлік өндіруші компания мұндай паспортты темір тұлпармен бірге шығарады. Ал жергілікті тіркеу органдары оған қосымша ақпараттар енгізіп отырады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде құжат рәсімдеуді оңтайландыру мен бизнестегі операциялық шығындарды азайтуға септігін тигізеді. Әзірге электрондық паспорт Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер аумағында жарамды. Мәліміттер аталған елдерге ортақ базада сақталады. Оны кез-келген азамат арнайы порталдан көре алады.

Ербол Сейпілов, Қазақстан автобизнес қауымдастығы техникалық реттеу бөлімі басшысы:

Бұл ақпараттың болмауынан, яғни көлік құралының идентификациялық номерінің дұрыс болмауы, және ол көрші мемлекеттерден ұрланып әкелуі жеке тұлғаларға проблемалар туындатып отыр. Сондықтан әр тұтынушы осы электрондық паспортпен алдын ала танысып, көлік құралын сатып аларда ақпарат алуға мүмкіндік туып отыр.