Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетика министрі қоластындағы қызметкерлердің ұсталуына қатысты пікір білдірді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2018
  • 2550

Энергетика министрлігінің шенді шенеуніктерінің ұсталуы ауыр соққы болды. Парақорлықпен күдікке іліккен қоластындағы қызметкерлерге қатысты Энергетика министрі осылай деді. Тергеумен құқыққорғау органдары айналысып жатқандықтан, министр алып-қосары жоқ екенін айтты.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директоры қамауға алынды. Ол біздің министрлік үшін, комитет үшін, ұжым үшін өте ауыр оқиға болды. -Дегенмен, олардың кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетесіз бе? - Мен білмеймін, әлі білмеймін...

Ұлттық бюро мәліметіне сүйенсек, Энергетика вице-министрі бастаған 5 адам Шучинск-Бурабай курортты аймағындағы көлді тазарту үшін бөлінген қаражатты жымқырған. Мамандар 1 миллиард теңгенің қолды болғанын анықтап, тінту кезінде тапқан. Қазір тергеу жүріп жатыр.