Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Ақтау мен Құрық порты арқылы Ауғанстанға жүк жеткізеді

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2018
  • 3114

Келешекте Ақтау мен Құрық порттары арқылы АҚШ Ауғанстанға жүк тасымалдайды. Бүгін мәжіліс тиісті заң жобасын ратификациялады.  Америка тарапы аталған желіге қызығушылық білдіріп, Ауғанстанға арнайы жүктерді тасымалдау бағытына өзгеріс енгізу туралы өтініш берген. Яғни АҚШ Солтүстік тарату желісіне Ақтау және Құрық порттарын енгізуді ұсынды. Бұл жоба коммерциялық табыс әкелмейді, және бұл бағытта әскери жүк тасымалданбайды,- деді.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Олар арнайы жүктерді Әзербайжаннан Каспий теңізі арқылы Қазақстанға, одан әрі теміржолмен Сарығаш немесе Бейнеу Қарақалпақстан арқылы Өзбекстан немесе Ауғанстанға жеткізу мүмкіндігін береді.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ