Русский Сайттың толық нұсқасы

Скрипальдің улануына Мәскеудің қатысы болса, жаңа санкциялар салынады - Борис Джонсон

  • AstanaTV
  • 07 наурыз 2018
  • 2844

Ресми Лондон, экс-тыңшы Скрипальдің улануына Мәскеудің қатысы бары дәлелденсе, бұл елге жаңа санкциялар салынатынын, мәлімдеді.  Бұл туралы  Британияның сыртқы істер министрі Борис Джонсон айтты, деп хабарлайды  Reuters. Ведомство басшысы британия шекарасында адам өлтіруге әрекеттенуді сұмдық жағдай екеніне тоқталды. Мұндай оқиға елеусіз қалмайтынын алға тартты. Еске салайық, Ұлыбританияның Солсбери қаласында 66 жастағы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия белгісіз газдан уланып, ауруханаға түскен. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. 

Борис Джонсон, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі:

Бір нәрсені айтқым келеді. Біздің елдің шекарасында адам өміріне қастандық жасамақ болған ешбір мемлекет жауапсыз қалмайды. Қажет болса, санкциялар салынады.

Ал Кремль, бас барлау басқармасының бұрынғы қызметкері әрі полковник Скрипалдьдің улануына ешбір қатысымыз жоқ дегенді айтып ақталуда. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, бұл істі ашуға қол ұшын созып, өз тараптарынан көмек беруге де дайын екенін мәлімдеп отыр.