Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректер ішкі істер мен білім саласында көп

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2018
  • 3461

Ақтөбе облысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қатысты деректер әсіресе ішкі істер органдары мен білім саласында белең алған. Бұл жөнінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы айтты. Мемлекеттік мекемелерде ұйымдастыру-басқару кезінде жемқорлыққа жол берген 42 дерек анықталған. Білім саласындағы құқық бұзушылықтар көбіне есеп-қисап жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан болған. Сондай-ақ бизнес нысандарын салуға арналған жер учаскелерін алуда да біраз қиындықтардың бар екені анықталған. 

Есімхан Құрманғазин, облыстық кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы:

Жолдың бойында сервисный, тамақ ішетін, машина жөндейтін ашылу керек. Соған кедергілер бар. Жер бермейді. Жолдың бойында керек жерін алайын деп жатса, «ойбай, бұл жерде объездной жол болады, әлен болды, пәлен болды», - дейді. Оны тексеріп келгенде, олай болмай шығады.

Қайыржан Тоқышев, облыстық мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ департаментінің басшысы:

Көпшілігі анықталғандай, сыбайлас жемқорлыққа байланысты, жемқорлыққа байланысты бұл Ішкі істер органдарында, сосын, өкінішке орай, білім саласында да бар. Білім саласында болғанда, көпшілігі бірнеше қылмыс ашылған бухгалтерлердің бюджет ақшасын жеп қойғаны.