Русский Сайттың толық нұсқасы

Ішкі істер министрі «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтар шағымын тыңдады

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2018
  • 2791

Бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ішкі істер министрі  Қалмұханбет Қасымов азаматтар шағымын тыңдады.  Министрге 30 шақты адам арыз-шағымын арқалай келген. Ауыл-аймақтағы халықтың көкейіндегі мәселені бейнебайланыс арқылы тыңдап, заңдық тұрғыда бағыт-бағдар берді.

Алматылық Амантай Данияр осыдан үш жыл бұрын Астанадағы құрылыс алаңында өндірістік жарақат алып, 1-ші топ мүгедегі атанған. Ол құрылыс компания басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істің дұрыс жүргізілмегеніне шағымданды.  Айтуынша, компания басшылары өндірістік қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Сондықтан министрден оларды жауапқа тартуын сұрады. Ал 2 жыл бұрынғы жүргізілген қылмыстық істің мерзімі өтіп кеткен соң, министр оған қайта арыздануға кеңес берді.

Амантай Данияров, I топтағы мүгедек:

Осындай жағдайға тап болдым. Меры безопасности деген ешқандай ережелермен таныстырмады. Осы іспен жүгіріп жүрмін. Неге заңға тартылмайды бұлар?! Өзім айтайын дегенім, осы Қасымовқа келіп отырған себебім. Бұл үш адам нақты жауапқа тартылсын.