Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Ұлыбританияға қарсы санкция қолданады - РФ СІМ

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2018
  • 2859

Ал Ресей Ұлыбританияға қарсы санкция қолданбақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу "Скрипаль ісіне" қатысты қол ұшын беруге тырысқанмен, Лондон бас тартып отыр. Осылайша экс-шпионның белгісіз жағдайда улануы ресей-британ қарым-қатынасына сызат түсіруі мүмкін. Күні бұрын Ұлыбритания премьері Тереза Мэй бұған Мәскеуді ашық кінәлады. Және 23 ресейлік дипломаттан елден кетуді талап етті. Тіпті, заттарын жиыстыруға бір апта мерзім де берді.

Александр Яковенко, Біріккен Корольдіктегі Ресей елшісі:

Британ Үкіметінің әркеті төзуге келмейді. Біз мұны арандату деп білеміз. Үкіметтің әрекетіне түрткі болған Солсбери оқиғасы емес.

Еске салайық, Сергей Скрипаль 2010 жылы Британияға бас сауғалап барған экс-кеңестік шпион. Ол 4 наурызда қызы Юлиямен Лондондағы қоғамдық орындардың бірінде белгісіз газбен уланған күйі табылды. Қазір ауыр хәлде аурханада жатыр. Арнайы брифингте Ресей сыртқы істер министрлігі де қарап қалмайтынын білдірді.

Мария Захарова, РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Жауап ретінде шаралар қабылдатыны туралы кеше РФ СІМ мәлімдеді. Қазір олар пысықталып жатыр, жақын күндері жариялаланды. Бүгінде Британия осы іске қатысты қандай бір ақпар беруден бас тартып отыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ