"Бюджет қаржысының аса қажет жобаларға ғана бөлінуін бақылайтын агенттік құрылуы керек. Бұл мемлекеттік орган ақшаны дұрыс бағыттап отыратын тәуелсіз арбитрдің міндетін атқарады". Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен жиында осындай ұсыныс айтылды. Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленовтің айтуынша, мұндай қажеттілік бар. Өйткені әрбір ведомство алдында тұрған жоспарды орындау үшін бюджеттен қаражат сұрайды. Ал қаржы барлығына жете бермейді. Сондықтан вице-министр қай жобаға басымдық беріп, қайсысы қаржыландыратынын шешетін арнайы орган болғанын құптайды.
Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Ауыл шаруашылығы министрлігі бір жобаға 10 миллиард сұрады делік. Салық қызметі халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысына 10 млрд бөлу туралы арыз түсіреді. Қаржы министрлігінде бар болғаны 10 миллиард теңге. Оны 5-5-тен бөліп бере салады. Ал жаңа орган қайсысына басымдық беру керек екенін қарайды. "2025 стратегиясы" бар, "2050 стратегиясы" бойынша экономикалық өсім 5 пайыз болу керек. Сонда ғана дамыған 30 елдің қатарына кіреміз.
Базаргүл
ОТЫНШИЫЕВА