Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі өтті

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2018
  • 3182

Терроризм, есірткі тасымалы, әсіресе исламшыл топтар мен қару-жарақ трафигіне тосқауыл қоюға болады. Орталық Азия елдерінің мемлекет басшыларымен консультативтік жұмыс кездесуін өткізген Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Президенттердің мұндай құрамда бас қоспағанына 10 жылдай болып қалған. Жоғары деңгейдегі кездесуден Айгүл Әдепбай.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Наруыз мейрамы қарсаңында кездескен Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары экономикалық сұрақтарды негізге алды. Бұл жиынның саяси мәні жоқ. Мақсатымыз - сауда-саттық, тауар айналымы, инфрақұрылым деп атап өтті президенттер.

Мемлекет басшысы алдымен қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбековті қарсы алды.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының президенті:

Капиталдың, инвестициялардың жұмысшылардың еркін жүрісі бойынша жағдай жасап жатқаныңыз жақсы болды. Көп мемлекеттердің арасында болып жатқан проблемаларды, мәселелерді бірігіп шешкенге жақсы шарт түзілді.

Ал президент кездесудің бастамашысы Өзбекстан президентімен құшақтасып, қол алысты. Әріптестері қолдағандықтан болар, Мирзиеевтің көңіл-күйі көтеріңікі.

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Республикасының президенті:

Тек темір жол бойынша тауар айналымы 44 пайызға артты. Бір жыл ішінде. Біз тауар айналымын 3 млдр-қа жеткіземіз. Бірақ біздің мақсатымыз - 5 млдр долларға қол жеткізу. 

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон да жетті Ақордаға. Алайда Түркменстан президенті келмеді. Орнына Мәджилистің төрағасын жіберіпті. Бұл ресми саммит болмағандықтан, барлық президенттердің қатысуы шарт емес екенін айтады саясаттанушылар.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Мұндай кездесудің орын алғанының өзі - тарихи оқиға. Ұзақ жылдардан кейін Қазақстанда, Түркменстаннан басқа, Орталық Азия елдерінің басшылары жиналып отыр. Бірақ Түркменстан өзінің өкілін жіберді. Талқылайтын мәселе көп. Ортақ шекарамыз болғандықтан, экономикалық сұрақтар, су мәселесі, Ауғанстан жақын тұрғандықтан, қауіпсіздік мәселесі. Осы үш бағыт маңызды. Жұмыс топтары құрылып, сең қозғалатын сияқты.

Тараптар кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің арасындағы жылдар бойы қатып жатқан мұзды жібітті деп өзбек басышысы Шавкат Мирзиеевтің еңбегін атап өтті. Президент екі алып көрші Ресей мен Қытаймен арадағы ынтымақтастықты арттыра түсеміз деп, Путинге сайлауда сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Транспортные маршруты - это Россия, Шелковый путь - это Китай, мы хотим и продолжим активно сотрудничать с нашими этими соседями. Мы желаем проведения хороших выборов в России и, конечно, мы хотим успеха В.В Путина.

Кеңейтілген құрам одан соң жабық есік жағдайында жалғасты. Журналистерге шыққан Нүрсұлтан Назарбаев Ауғанстан мәселесіне қатысты қауіпсіздік күштері күш біріктіретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сейчас в Афганистане происходят события, нас это очень беспокоит. Если спецслужбы наших государств будут тесно сотрудничать, мы будем знать все о террористах, наркотрафике и так далее. То есть терроризм, религиозный экстремизм, незаконная торговля оружием, организованная преступность - все можно пресечь.

Тараптар тауар айналымын арттыруға уағдаласты. Ал Амударья мен Сырдарья мәселесін бірлесіп шешпек. Орталық Азия елдері басшылары мұндай кездесуді жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында өткізуге келісті. Келесі кездесу Ташкентте өтпек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ