Русский Сайттың толық нұсқасы

Өлтірілген журналист үшін сайлаушылар үкімет басшысын қызметтен кетірді.

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2018
  • 1589

Интерфакстің хабарлауынша, Словакияның үкімет басшысы Роберт Фицо отставкаға кеткен. Себебі бұл елде ақпан айының соңында Братислава маңындағы елді мекенде коррупция тақырыбын зерттейтін журналист Ян Куциак пен қалыңдығын біреулер өлтірген еді. Соның алдында Ян италиялық мафия ұйымының Словакияға ақша аударып, жылжымайтын мүлік пен түрлі кәсіпорынға инвестиция салғаны және словак саясаткерлерімен байланыс орнатқаны туралы журналистік зерттеу бастаған. Бірақ аяқтай алмады... Оны өлтіріп кеткеннен кейін Словакияның мәдениет және ішкі істер министрлері отставкаға кеткен. Бірақ ашуланып, көшеге шыққан ел үкімет басшысын да кетіртті.