Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәуірде су тасқыны қаупі сақталады – «Қазгидромет»

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2018
  • 3238

Елдің басым бөлігінде су тасу қаупі әлі де жоғары. «Қазгидромет»  таратқан ақпаратқа сай, сәуірде жылы әрі ылғалды ауа райы сақталады. Яғни қар жылдам ериді деген сөз. 

Гүлмира Ақышева, «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді болжам жасау басқармасының басшысы:

Алдағы сәуір айы жылы әрі жаңбырлы болады деп күтіліп отыр. Әсіресе бұл айдың 1-ші және 3-ші онкүндігінде байқалады. Және сәуірде жылымық және суық күндер алмасатынына байланысты, құбылмалы күн райы күтіледі.

Айдың алғашқы жартысы салқын болады деген болжам бар. Елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде минус 15 градусқа дейін суытады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде ауа райы 0 градусты көрсетеді. Ал, мамыр айында күн райы едәуір жылынады. Ал, биылғы жаз жаңбырлы әрі салқын болады деген жорамал бар. Тек тамыз айында күн райы біршама ысиды