Русский Сайттың толық нұсқасы

Аягөзде тасқыннан зардап шеккен 12 отбасы жаңа баспана алды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2018
  • 2915

Тасқыннан зардап шеккен Аягөз тұрғындарына Наурыз қарсаңында жаңа баспана бұйырды. Бүгін облыс әкімі 12 отбасына үйдің кілтін табыстады.

Баспанасыз қалғандар мектеп-интернат немесе туыстарының үйін сағалап кеткен. Енді мереке қарасыңында қоныс тойын қоса тойлайды. Арнайы комиссия өкілдері өңір басшысымен бірге жаңа үйлерді аралап көрді. Олар тұрғындардың келісімімен сатып алынған. Даниал Ахметов зардап шеккендерге тұрмыстық техника табыс етті. Сондай-ақ көмек ретінде елдің түкпір-түкпірінен жеткен заттар жиналған қоймаларды көріп, тұрғындармен кездесті. 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Жүз млн теңге бөлдік, 2-3 күнде тағы 80 млн бөлінеді. Сонда осы ауданға көмек 180 млн. Қазіргі кезде 12 пәтер алынды. Керек болса, 40-50 пәтер алуға мүкіндік бар. Содан кейін басқа жерден 34 млн теңге осы елді мекенге келді.

Қазір Аягөзде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өзен жағасын бекіту де қолға алынған. Өскеменде де еріген қар суына қосымша арықтар қазылып жатыр. Түнде қалада қар түскен. Синоптиктер жақын күндері ауа-райы 12-15 градусқа дейін күрт жылынады деп болжайды.