Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда зейнет жасындағы жүзден аса жалғызбасты жандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2018
  • 3009

Алматыда қарттар үйіндегі қарияларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған бастамаға «Нұр Отан» партиясы қолдау білдірген. Шара барысында зейнет жасындағы жүзден аса жалғызбасты жанды жылу мен қуанышқа бөлеу көзделген. Белсенді топ оларға тәтті тағамдар мен жемістер, киім-кешек сынды сыйларын ұсынды. Гуманитарлық көмектен бөлек, концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылды.

Әсел Әзімбаева, белсенді топ мүшесі:

Қайырымдылық жобаның басты мақсаты - ол адамгершілік пен қайырымдылық. Біз жастармыз ғой. Бізге сондықтан көмек көрсететін, демеу беретін адамдар керек болды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының сайтына кіріп, онлайн өтініш қалдырдық. Сондықтан осы "Нұр Отанға" біздің алғысымыз шексіз.

Вячеслав Банщиков, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:

Көмек сұрап келген кез-келген жанға қолдан келгенше жол көрсетуге, бағыт-бағдар беруге, демеуге тырысамыз. Партияның да басты бағыты осы. Жастардың бастамасы бірден көңілден шықты. Қарттарымыз - қазынамыз емес пе?! Бүгін көрсеткен біздің үлгі, ертең бізге айналып келетіні сөзсіз. Сол себепті «Жүректен жүрекке» акциясына қолдау білдірдік.