Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтарды қабылдады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2018
  • 2627

Келісімшартсыз жұмысқа орналасып, салдарынан өтемақыдан қағылатын адамдар әлі де көп. Сондықтан халықтың еңбек заңнамасы төңірегіндегі білімін жетілдіру қажет. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова азаматтардың арыз шағымын тыңдады.

Солардың бірі - Амантай Данияров, жұмысқа қабылданғанына 3 апта толмай жатып, жарақат алған. Бастапқыда фирма көмек қолын созғанымен, кейін жәрдем беру тоқтады дейді. Енді ол тиісті тексеруден өтіп, жасына лайық мүгедектер арбасын алуға мұқтаж. Министр келушілердің мәселелерін мұқият тыңдап, барынша көмек болатынына уәде етті.