Русский Сайттың толық нұсқасы

Арменияда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2018
  • 2570

Арменияда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті. Бұған дейін Ұлыбританияда елші болған Армен Саркисян жаңа қызметіне ресми түрде кірісті. 2015 жылы 6 желтоқсанда қабылданған Ата заңға өзгеріс енгізу жөніндегі референдумға сай бұл ел парламенттік басқаруға көшті.

Бүгін Арменияны 2008 жылдан бері басқарып келген Серж Сарксянның құзіреті аяқталды. Үкімет те отставкаға кетті. Парламент 17-ші сәуірде жаңа премьер-министрді тағайындайды. Кандидат ұсынуда республикалық партияның құқығы басым. Бұл саяси ұйымды бұрынғы президент Серж Саргсян басқарады. Сондықтан ол премьер-министр қызметіне сайлануы мүмкін деген жорамал бар. Бірақ Саргсянның өзі бұл лауазымға таласпайтынын мәлімдеген.