Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайға қой еті экспортталады

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2018
  • 3602

Қытайға қой еті биыл экспортталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары хабарлады. Министрліктің мәліметінше, Күн шығыс елі отандық қой етін сатып алмас бұрын, алдымен Қытай инспекциясы етті жіті тексеруден өткізетін болады. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Тұрсын Қабдулданов қой еті келісінің қаншаға сатылатыны әзірге белгісіз деп отыр. Ал Қытайға сиыр етінің келісі 10 доллардан сатылып жатқан көрінеді. Сонымен бірге, Қытай еліне жергілікті фермерлер малын экспортқа шығара алады. Сыртқа шығару үшін сол елдің талаптарын орындау қажет.

Тұрсын ҚАбдулданов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:

Мал иесі немесе шаруашылық малын экспортқа тірідей шығаратын болса, ол аймақтарда орналасқан аумақтық инспекцияға барып, алдын ала жасалған келісім шартының туралы қай жерге апарады, ол қай жерден шығады және өзінің мекемесі туралы толық мәліметтер, оның мекемесі алғашында Қытайдың қойып отырған тәртіптеріне сай келе ме? Сол туралы тексерістен өтеді.

Статистика комитетінің мәліметінше, былтыр 900 тоннаға жуық қой еті Ресей, Иран, Бахрейн, БАӘ, Кувейт елдеріне 4 млннан аса АҚШ долларына экспортталған. 2016 жылмен салыстырғанда қой етін экспорттау 4 есеге артқан.