Русский Сайттың толық нұсқасы

Анкарада Ресей, Түркия және Иран басшыларының саммиті өтті

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2018
  • 2856

Ресей, Түркия және Иран президенттері Сириядағы атысты тоқтатуға ниетті. Бұл туралы Анкарада өткен келіссөздер барысында белгілі болды деп хабарлайды Рейтерс. Үш елдің көшбасшылары Астана форматының Сириядағы зорлық-зомбылықты төмендетіп, бейбітшілік пен қауіпсіздігіне үлес қосатын тиімді халықаралық алаң екенін атап өтті. Келесі үшжақты саммит Иранда өтеді. Еске сала кетейік, бүгін Анкарада Сириядағы бейбітшілікті реттеу туралы келісімдерге кепілдік берген мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Владимир Путин, Режеп Тайып Ердоған және Хасан Рухани бастаған кездесу алғаш рет өтіп отырған жоқ. Өткен жылы қарашада Сочиде ресейдің бастамасы бойынша бірінші форум өтті. Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөздердің кезекті раунды 14-15 мамырда өтетін болады.