Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан экономикасының 85 пайызы мұнай экспортына тәуелді - Данияр Ақышев

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2018
  • 3317

Қазақстан экономикасының 85 пайызы мұнай экспортына тәуелді. РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деген. Оның айтуынша, Ресейге қарағанда, мұнай мен металлға Қазақстан көбірек тәуелді. "Бірақ қара алтынның әлемдік құны тұрақты. Сондықтан теңге бағамы әлсіремейді. Тіпті нығаюына мүмкіндік бар",- деді бас банкир. Қаржы-несие саясатында әлі де пікір-таластар жалғасып жатыр, тіпті бағамды белгілеуді қолдайтындар да бар көрінеді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Қоғам жаңа тәртіпке әрең дағдыланып жатыр. Құнсыздану болады деген қорқыныш әлі де бар. Девальвация қаупі төмендейді. Бірақ қоғам мен экономикалық субъектілер бағамның еркін айлалымына толық бейімделуі үшін біраз уақыт керек.