Биылғы
жылдың алғашқы үш айында дәрі-дәрмектердің бағасы 7 пайызға қымбаттады. Бұл
туралы energyprom.kz порталы хабарлап отыр. Сараптамалық ақпаратқа сүйенсек,
республикада гормондық және ауруды басатын препараттардың бағасы өскен. Сонымен
бірге, асқазан ауруларына қарсы дәрі-дәрмектерінің бағасы шарықтап кеткен. Жыл
басталғалы Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында дәрі-дәрмек бағасы 10%-ға
күрт жоғарылаған. Ал, Шығыс Қазақстан облысында препараттар бағасы тұрақты.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан және Қостанай
облыстарында да баға сақталған.