Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл дәрі-дәрмектердің бағасы 7 пайызға қымбаттады

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2018
  • 3106

Биылғы жылдың алғашқы үш айында дәрі-дәрмектердің бағасы 7 пайызға қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлап отыр. Сараптамалық ақпаратқа сүйенсек, республикада гормондық және ауруды басатын препараттардың бағасы өскен. Сонымен бірге, асқазан ауруларына қарсы дәрі-дәрмектерінің бағасы шарықтап кеткен. Жыл басталғалы Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарында дәрі-дәрмек бағасы 10%-ға күрт жоғарылаған. Ал, Шығыс Қазақстан облысында препараттар бағасы тұрақты. Сондай-ақ, Батыс  Қазақстан және Қостанай облыстарында да баға сақталған.