Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің 62 пайызы цифрландырылды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2018
  • 2681

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің 62 пайызы цифрландырылды. Оның 15 пайызы автоматтандырылған. Демек, шаруалар құжаттарын электронды форматта тапсырып, тек қаражатты ғана ауыл шаруашылығы басқармасынан алады. Бұл туралы Агрокешендерді цифрландыру күніне орай ұйымдастырылған жиында айтылды. Министрлік мемлекеттік қызметтерді цифрландырып қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізетін шаруаларды да қолдамақ. Бүгінгі жиынға осы саладағы жаңа қосымшалар мен жобалар енгізу үшін 60-тан аса IT бизнес өкілі шақырылды.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

Субсидиялар көп қой енді ауыл шаруашылығы саласында. Әрқайсысына 3-10 жобаларын беру керек, жасау керек. Ол үшін базаны, кодтарын ашып береміз. Осы бағдарламаны іске асыру үшін жобалық офис құрдық.

Саланы цирфландыру үшін министрлік 4 жобаны қолға алмақ. Биыл оның бірі пилоттық жоба ретінде 6 аймақта енгізіледі. Ол егін шаруашылығындағы өнімділікті арттыруды көздейді. Бұл технологияны енгізгісі келген шаруаларға арнайы субсидия бөлу бағдарламасы қаралып жатыр. Бұдан өзге мал таңбалаудан бастап, бордақылап, дүкенге өткенше бақылауда ұстайтын жүйе енгізілмек. Ол өсімдік пен балық шаруашылықтарына да қатысты. Бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін қажет. Ол кезде экспорт көлемі де артпақ. Инвестор тартуға да қолайлы. Мемлекет бұл жобаларға қатысып, жаңа әдіспен жұмыс істейтіндерге субсидия немесе "ҚазАгро" арқылы несие бермек.