Русский Сайттың толық нұсқасы

Көктемгі дала жұмыстарына республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2018
  • 2287

Көктемгі егіс науқаны мен жиын-терім жұмыстарына республикалық бюджеттен 60 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қаржы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы беріледі. Үш бағыт бойынша тарату көзделген. Аталған корпорациядан тікелей, сондай-ақ несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы. Ақша желтоқсанға дейін беріледі. Жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз. Несиелік өтініштерді талдау барысында шаруалардың бидай, арпа, зығыр, рапс және күнбағыс өсіруге несие рәсімдейтіні анықталды. «ҚазАгроҚаржы» бағдарламасы арқылы фермерлер лизингке 775 техника сатып алмақ ниетте. Сұраныс негізінен тракторларға түсіп тұр, яғни өтініштердің үштен бір бөлігі.