Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қыздыра түсті

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1780

Нұротандықтар сайлауалды бағдарламасын Қазақстанның әрбір елді мекеніне жеткізуге ниетті. Бүгін партия белсенділері Семейдегі зиялы қауым өкілдерімен және ақсақалдар алқасымен кездесті. Мұнан бөлек Радиотехника және байланыс колледжінде болды.

Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл. Бұл істе Қазақстан Президенті, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі бар.  Қазір Семей дамудың даңғыл жолында. Қала өсіп келеді, бірқатар салаларға білікті мамандар қажет. Сондықтан тегін кәсіби-техникалық білім беру туралы Елбасы бастамасын жергілікті жұрт қуана қабылдады. Колледждің басшылығы техникалық мамандарға сұраныстың жоғары екенін айтты. Ал ертең нұротандықтар Павлодарға табан тірейді.

Бекболат Тілеухан, «Нұр Отан» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшесі: 

Біздің көшбасшымыз әлі күнге дейін ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі жалғыз жетекші саналады. Президентіміздің бұл батыл қадамы сол жылдардың өзінде Қазақстанның сыртқы саясаты бейбітшілікке үндейтінін айқындады. 

Гүлназ Есембаева, Радиотехника және байланыс колледжі директорының орынбасары: 

Тегін  кәсіби-техникалық білім берудің арқасында бізде бос жүрген жастар болмайды. Бұл өте дұрыс шешім. Біз Президентіміздің сарабдал саясатын қолдай отыра, «Нұр Отанға» дауыс береміз.


Айгүл ӘДЕПБАЙ