Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар қымбаттап кетті

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2018
  • 2767

Бүгін  доллар күрт қымбаттады. КАSЕ-де төл валюта 5 теңгеге төмендегені сол-ақ, айырбас пункттері де көк қағазды қымбаттатып жіберді.  Кеше кешкісін 320-мен жабылған доллар саудасы бүгін 325 теңгеге жетті. Ал ақша айырбастау пункттерінде 332-334 теңге аралығында сатылып жатыр. Үкімет әліптің артын бағамыз деп отыр. Бірінші кезекте Ресей нарығын байқамақ. Өйткені 6 сәуірде АҚШ жариялған санкция салдарынан долларға қатысты рубль де бес позияцияға төмендеген. Ұлттық экономика министрі бүгінгі жағдайды АҚШ салған санкцияға қатысты нарықтың "селт" ете қалуы деп бағалады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біз биржа агенттерінің кез-келген жаңалыққа бірден елең ететінін білеміз. Бұл жерде жағдайды субъективті қабылдау да әсер етіп отыр.

Бүгін Үкіметте экономикалық даму бойынша комиссия отырысы өтті. Вице-премьер Ерболат Досаевтың айтуынша, онда Ұлттық банкпен бірге осы жағдай да  пысықталады. Бюджетте доллар бағамы 340 деп белгіленген. Демек, жыл соңына дейін "көк қағаз" құны осы аралықта құбылады деп болжанады.

Ерболат Досаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Ертеректегі негативті тәжірибиге қатысты Қазақстан экономикасына шок әсерін азайту үшін, Ұлттық банк инфляцияны таргеттеуді енгізді. Рубльдің құлдырауынан импортқа белгілі бір әсері болуы мүмкін.

Еске салайық, Ұлттық банк 2015 жылы тамыздан бері бағам саясатына араласпайды. Валюта бағамы сұраныс пен ұсынысқа қатысты түзіледі.