Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда «Жас Отан» жастар қанатының IV республикалық съезд делегатымен кездесу өтті

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2018
  • 3291

«Жас Отан» жастар қанатының  IV республикалық съезінде денсаулық саласына қатысты бірнеше жоба ұсынылды. Съезге еліміздің барлық өңірінен өкілдер қатысқан.

Солардың бірі дәрігер Эльвира Асадова Қостанайдағы медицина колледжінің студенттерімен кездесіп, өз мамандығы туралы және «Жас Отанның» төртінші съезі жайлы айтты. Кездесу барысында жастар ұсынған жобалар мен игі бастамалар әңгіме арқауына айналды. Делегат бірнеше тың жобаны айрықша атап өтті. Мәселен, балабақшаларды «Пайдалы ас», яғни дұрыс  тамақтануға көшіру. Салауатты өмір салтын насихаттайтын желілер жұмысын ұйымдастыру. Көркем әдебиет пен ғылыми басылымдарды цифрландыру жобаларын жастарға жеткізді.

Эльвира Асадова, «Жас Отан» жастар қанаты IV республикалық съезінің спикері:

«Жас Отан» жастарға арналған онлайн кітапхана жасауды жоспарлап отыр. Еліміз бойынша қазіргі заман кітаптары мен архивтегі ескі оқулықтар жинақталатын болады. Қазіргі кезде осы жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.