Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда 2 балаға сутек тотығымен клизма қойған медбикелерге қатысты сот аяқталды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2018
  • 2756

Қарағандыда 2 бірдей балаға қателесіп сутек тотығымен клизма жасаған медбикелерге қатысты сот процесстері аяқталды. Жапа шеккен отбасының біріне аймақтық балалар клиникалық ауруханасы 1 млн 500 мың теңге өндіріп беруі тиіс. Қарағанды облысының сот алқасы осындай шешім шығарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі жазбаша ақпарат таратты.

Еске салсақ, 2015 жылдың қыркүйек айында балалар ауруханасының медбикелері екі сәбиге клизма қойған. Сол кезде қателесіп, физикалық сұйықтықтың орнына сутегі тотығының ерітіндісін енгізіп жіберген. Салдарынан бес жасар қыз бен екі жастағы ұл бала зардап шекті. Балалардың ішектері күйіп, ұзақ емделген. Алайда сотқа тек ұл баланың ата-анасы ғана шағымданып, 1 млн 500 мың теңге моральдық өтемақы талап етті. Бұдан бұрын бұл отбасына Қазыбек би аудандық соты 300 мың теңге ғана өндіріп берген еді. Облыстық сот алқасы істі қайта қарап, аурухана арызданушыларға тағы 1 млн 200 мың теңге өтеуі тиіс, - деп шешкен. Оған наразы ата-ана Жоғарғы сотқа қайта шағымданыпты. Арызданушылардың талабын облыстық сот қанағаттандырды.