Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің «Восточный» ғарыш айлағы Байқоңырдың орнын баса алмайды - Тоқтар Әубәкіров

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2018
  • 5048

Ресейдің Қиыр Шығысындағы  "Восточный" ғарыш айлағы Байқоңырдың орнын ешқашан баса алмайды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров осылай деді. Біздің арнаға берген сұхбатында ол Қазақстандағы әйгілі айлақтың болашағына тоқталды. Ардагер ғарышкердің пікірінше, жаңа "Ангара" зымыранын қолданғаннан бастап, Байқоңыр дамудың өзгеше кезеңіне өтеді. Қазір бұл зымырантасығыш Ресейдің «Восточный» космодромында сынақтан өткізіліп жатыр. "Алайда, ракетаны ұшыру алаңы ретінде Байқоңырдың таңдалары анық",- дейді Тоқтар Әубәкіров. Өйткені Ресейдің жаңа ғарыш айлағы Байқоңырды алмастыра алмайды деп санайды.

Тоқтар Әубәкіров, қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қахарманы, Кеңестер Одағының батыры:

Ешқашан бұлай болуы мүмкін емес. Ол үшін Отан соғысы кезіндегідей, Ресейдің орталық бөлігіндегі зымырандық құрылымдарды Қиыр Шығысқа тасымалдау керек. Темір жолдар түгелімен тоннель арқылы өтеді. Яғни онымен белгілі бір көлемдегі жүк қана өте алады. Оның үстіне соншама қашықтыққа зымыранды тасудың өзі шаш етектен шығын. Сондықтан ендігі жасалатын келісім Байқоңырды бірігіп қолдануды жалғастыру туралы болмақ.