Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоянды елді мекенінде жедел жәрдем мәселесі шешілмек

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2018
  • 3314

Қоянды елді мекенінде жедел жәрдем мәселесі шешілмек. Бұл туралы Көкшетау аудандық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары айтты. Бұған дейін Астана іргесінде отырған ағайын ауылға жедел жәрдем көлігі келмейтінін айтып, арнамызға мұңдарын шаққан еді. Бүгін Қояндыдағы жағдайды білуге барған тілшіміз ауылға ауданнан мамандар арнайы келгенін білді. 

Диана Сапарқызы тілші:

Бүгін Қояндыға ауданнан мамандар келген. Көкшетау аудандық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары облыстан тапсырма түскенін айтты. Қазір бірнеше маман шағын амбулаторияда не бар, не жоғын қарап жатыр. Олар тек Қояндыны ғана емес, ауданға кіретін барлық ауылдардағы медбөлімшелердің жоғын түгендейтін болады.

Михаил Демин, Ақмола облысы Көкшетау ауданы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

Бізге жедел жәрдем станциясынның бөлімшелерін ашуды бұйырды. Қояндыға осы мақсатта келіп отырмын. Қазір бөлімшені ашудағы мүмкіндіктермен танысып жатырмыз.

Денсаулық сақтау министріннің өзі шалғайдағы жедел жәрдем қызметнің қызмет көрсету сапасы көңілді көншітпейтінін айтты. Елжан Біртанов ауыл-аймақтағы қызметкерлер жедел жәрдем көліктерін басқа мақсаттарға пайдаланып келегенін айтып отыр. Қазір министрілік қызметтің сапасы мен жеделдігін күшейту үшін әр көлікке арнайы ДЖИПиС құрылғысын қоятын болады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Аудандық жедел жәрдемді облысқа қосып тікелей басқарып отырады. Сонда біз, біріншіден, жедел жәрдем көліктерін бригадаларын бақылап отырамыз. Өткен жылдары басқа мақсаттарға пайдаланып, көп жағдайда  науқастар звондағанда, бригада жоқ, көлік бір жаққа кетіп қалаған дегендей. Басқа жағдайларға пайдаланған.

Диана Сапарқызы, тілші:

Бас дәрігерінің айтуынша, былтыр 3 мыңнан аса маманды халықаралық жедел жәрдем стандартында оқытылған екен. Биыл да ол жұмыс жалғасады. Министр биыл қанша жедел жәрдем көлігі сатып алынатынын айта алмады. Ал Қояндыдағы жедел жәрдем көмегі  қашан қолжетімді болады? Осы уақытқа дейін алғашқы көмек көрсетуге не кедергі болып келді? Жыл сайын Астана іргесіне қоныс тебетін жүздеген адам медициналық көмекке қандай жағдайда қол жеткізе алады? Бұл туралы "Біздің уақыт" апталық-сараптамалық бағдарламасында толығырақ айтатын боламын.

Тілшіміз Диана Сапарқызының материалын сенбі күні сағат 20.00-де көре аласыздар.