Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жас өнертапқыштардың фестивалі өтті

  • AstanaTV
  • 12 сәуір 2018
  • 2546

Қостанайда жас өнертапқыштардың «Ғылым мен техника» атты фестивалі өтті. Екі күнге ұласқан білім бәйгесіне жүз елуге жуық жеткіншек қатысып, өздері құрастырған роботтарды сынақтан өткізді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараға "Жас Отан" белсенділері де мұрындық болған. Фестивальде мектеп оқушылары, студенттер мен колледж шәкіттері бақ сынасты. Білім бәйгесінде ауыл мектептерінен келген оқушылар да көзге түсті.

Жасөспірім жасаған жобалар ғылым мен техниканы ұштастырып, тұрмысты жеңілдетуге бағытталған. Олар құрастырған үлгілер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттарын қамтиды. Жасотындықтар: "Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы робототехниканың дамуына үлкен серпін берді. Қазір көптеген оқу орнында робототехника зертханалары ашылды", - деді.

Диляра Әлмұхамедова, «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының консультанты:

Жас өнертапқыштардың жобалары, бүгінгі құрастырған кішкентай ғана роботтары келешекте бүкіл бұқараның тұрмысын жеңілдетуге бағытталған. Менің ойымша, осындай сайыстар оқушылардың ойын ұштап, білімін арттыруға  зор ықпал етеді.