Ақпан
айында қазақстандықтар саны 18 миллион 200 мың адамға жетті. Бұл Ұлттық
экономика министрлігі статистика комитетінің ақпараты. Қаңтар-ақпанда табиғи
өсім 41 мың адамға артқан. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімдегі көрсеткішінен
жоғары. Қаңтар-ақпанда 63 мың бала дүниеге келген. Туу көрсеткіші былтырғыдан 2
мың балаға арқан. 22 мыңнан астам адам бақилық болған. Өлім 1 мың адамға
кеміген. Екі айда 18 мың неке тіркелген. Ажырасқандар 9 мыңнан асады. Шаңырағы
шайқалғандар былтырғыдан көп. Ал елден кететіндер саны азаймай отыр. Биыл 4
жарым мыңдай адам шетелге ауған. Бұл да былтырғы көрсеткіштен жоғары. Ал елге
2 жарым мың адам қоныс аударған. Дегенмен Қазақстанға көшіп келетіндер саны былтырғыдан
төмен.