Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақпан айында қазақстандықтар саны 18,2 млн адамға жетті

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2018
  • 3202

Ақпан айында қазақстандықтар саны 18 миллион 200 мың адамға жетті. Бұл Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ақпараты. Қаңтар-ақпанда табиғи өсім 41 мың адамға артқан. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімдегі көрсеткішінен жоғары. Қаңтар-ақпанда 63 мың бала дүниеге келген. Туу көрсеткіші былтырғыдан 2 мың балаға арқан. 22 мыңнан астам адам бақилық болған. Өлім 1 мың адамға кеміген. Екі айда 18 мың неке тіркелген. Ажырасқандар 9 мыңнан асады. Шаңырағы шайқалғандар былтырғыдан көп. Ал елден кететіндер саны азаймай отыр. Биыл 4 жарым мыңдай адам шетелге ауған. Бұл да былтырғы көрсеткіштен жоғары. Ал елге 2 жарым мың адам қоныс аударған. Дегенмен Қазақстанға көшіп келетіндер саны былтырғыдан төмен.