Оралда қант диабетімен ауыратын науқастарға тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектердің 20 пайызы құжат жүзінде ғана берілген. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Ата-аналар балаларына 3 айдан бері инсулин мен өзге де препараттар берілмегенін айтып шағымданған соң, Денсаулық сақтау министрлігінен құрылған комиссия аймақта тексеріс жүргізген болатын. Бүгінде науқастардың 90 пайызы дәрі-дәрмекпен қамтылған. Ал кейбір препараттар тиімсіз болғандықтан, басқа түрімен алмастырылыпты.
Қанат Төсекбаев, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бүгінгі таңда бұл тексеру жұмыстары мониторингтік топпен жалғасын тауып жатыр. Әлі екі-үш аптадай жұмыс істейміз. Содан кейін нәтижесін жария қыламыз. Қажет болған жағдайда құқыққорғау органдарын да қосамыз.
Шығыс
Қазақстанда қажетті дәрілермен қамту 85%. Онкологиялық науқастарға керек
препараттың 10 түрі алынбаған. Әзірге "СҚ-Фармацияның" бірнеше тендері нәтижесіз
аяқталды. Соңғы өткен тендердің қорытындысы белгісіз. Әзірге аймақтағы қатерлі
дертке душар болған 173 науқасқа ауруды басатын препараттар Шымкенттің Химфарм
зауытынан алынбақ. Тапсырыс берілген 5 мың ампула науқастарға келесі
дүйсенбіден бастап беріле бастайды.