Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана маңындағы ауылда жедел жәрдем қызметі жоқ...

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2018
  • 4465

Астана маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары жедел медициналық жәрдемге зәру. Басты себебі – жол жоқ, жол - шұрық-тесік. Шұғыл көмек керек болғанда адамдар не істерін білмейді. Негізі медициналық пункт бар.12 медперсонал жұмыс істейді. Бірде от алып, бірде от алмайтын жалғыз көлігі тұр. Жедел көмек көрсететін станция болмаса да, ілдебайлап отыр. Атқамінерлердің айтуынша, Қояндыға көшіп келетіндер көп және олардың басым бөлігі жергілікті емханаға тіркелмеген. Елді мекенге жедел жәрдем станциясын салу үшін тіркелгендер саны нормативтік құжат бойынша 10 мың болуы қажет. Қазір олардың қатары 9 мың адамнан асады. Сонда тұратын адамдар неге тіркелмей отыр? Енжарлық шығар деп ойладық та, басты себебі ол еместігін ішіміз сезді. Сөйтіп апта басында проблеманы көтеріп репортаж дайындағаннан кейін, қайта бардық. Тілшіміз Диана Сапарқызы «Қояндыда жедел жәрдем станциясының бөлімшесін ашу бұйырылды, соның шаруасымен келдік» деген жауаптыларды кездестірді. «Дабылдан кейінгі үміт» дейтін материал. Ал негізі жедел жәрдем шақырғанда қала тұрғыны үшін әр минут сағаттай көрінеді және шын мәнінде әр минут қымбат кездер болады. Ауыл адамдарының шықпаған жаны. Астана қасында тұрып қиналып жүргендер бар, тіршілігі боямасыз елді мекендегілер ше?    

Жедел жәрдемнің теперішін Қоянды халқы бірнеше жылдан бері тартып келеді. Медициналық көмек дереу керек жандар қатты қиналса да, шұғыл көмек бригадасы ауыл ішіне кіруден бас тартады екен.

Шолпан Қанарбек, Қоянды ауылының тұрғыны:

Бізге жедел жәрдем өте қажет. Балалар ауырады. Біз анау пост гаиға барып сол жерден әкелтеміз.

Мейрамғали Базарханұлы, Қоянды ауылының тұрғыны:

Қанша ауырып қиналып барса да пост гаиға барады. Содан кейін әкете алады. Бері қарай Қояндыға жедел жәрдем келмейді. Келуде қиын қыстыгүні, мына жаққа келгенін көрмедік. 

Ауылдағы ахуалды медпунктегі дәрігерлердің өздері де растады. Бірнеше мыңдаған адамға қызмет көрсетіп үлгере алмайтындарын айтты. Оның үстіне дұрыстап жөнделмейтін мынадай қиқы-жиқы жолдардан әбден қажыдық,- деп налиды.

Бақытгүл Ортан, медбике:

Бізде 30 мың халықтың 9 мыңы ғана тіркеуде тұрады өзімізде. Біз енді өзіміздікі деп бармай қоймаймыз ғой. Экстренный случаи қандайдабіржағдайболмасынбаруымызкерек. Кейде машина болмайқалады. Бәріқиын. Көріп тұрсыздар жолдар қалай жаман. Ауылдың іші деген страшный. Жай машинамен жүре алмайсыз.

Диана Сапарқызы, тілші:

Мына тұрған медициналық мекеменің өзі уақытша жалға алып отырған тұрғын үй болып шықты. Бұл жерде қазір 30 мың тұрғынға небəрі 12 медициналық қызметкер жұмыс істеп отыр. Оның 4-уі  дәрігер, қалғаны медбике. Бұл шағын амбулаторияға қарасты бірде от алып, бірде от алмайтын жалғыз қызметтік көлік бар.

Ауыл дəрігерлері Ақмола облыстық ауруханасының басшылығына да, аудан атқамінерлеріне де көмек сұрап хат жазумен келеді. Басты мәселе - Қояндыда жедел жәрдем көрсететін бекет жоқ. 103-ке телефон соққандарға осындағы медпункт кезекшісінің нөмірін береді. Ал келген күннің өзінде жаңа тұрғындар айтқандай, жолдың нашарлығынан ауылға кірмейді.

Гүлжаһар Кушай, Қоянды ауылдық емханасының аға дәрігері:

Күн демей түн демей көмек қажет болса 103-ке хабарласқанымен Ақмола облысының 103-іне түседі. Ал олар біздің кезекші медбикенің, дәрігердің нөмірін береді. Бізде жедел жәрдем станциясыболмаса да өзіміз көмек көрсетуге тура келеді.

Қояндыға көшіп келіп жатқандар көп. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, ауыл халқының  басым бөлігі жергілікті емханаға тіркелмеген. Елді-мекенде жедел жәрдем станциясын ашу үшін тіркелгендер саны нормативтік құжат бойынша 10 мың болуы тиіс. Ал бұл ауылда тіркелген адам саны 9 мыңнан асады. Өмір сүріп жатқандардың неге бәрі тіркелмейді? Себебі ауылдағы 4710 үйдің 927-і ғана тіркеуден өткен. Ал оның себебі:

Өмірсерік Ержанов, Қоянды ауылдық округінің әкімі:

Енді бұның басты себебі халықтың салынған үйлердегі сыртындағы әрлеу жұмыстары жүргізілмеген.Құжаттары толық дайын емес. Кей жерде жердің құжаттары әлі жасалмай жатыр. Өйткені халық кезінде бұл жерлерді алғанда кейбіреулер әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы үкіметтің, мекемелердің арнайы құжатынсыз алып алған.

Ал жедел жәрдемнің барының өзін барғызбай отырған расында, шұрық-тесік жолдар. -Әкім мырза, терезеңізден көрініп тұрған жол мәселесін қалай түсіндіресіз?

Өмірсерік Ержанов,  Қоянды ауылдық округінің әкімі:

Жол мәселесі біздерде соңғы екі жылда 40 шақырым жол қиыршық тас төселіп жөнделді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Оның үстіне биылға біздің жоспарымызда күрделі жөндеуден 17 шақырым жол жасауға қазір, жобаның құжаты дайындалып жатыр. Оның үстіне 8 шақырым жолды орта жөндеуден өткіземіз. Ол екеуі екі түрлі нәрсе. Бірақ екеуінде жүргіземіз деп құжаттарды дайындап жатырмыз.

Ауыл тұрғындарының күйініші туралы біздің репортаждан кейін араға 5 күн салып, Қояндыға ауданнан мамандар келген. Көкшетау аудандық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары облыстан тапсырма түскенін айтты. Олар қазір шағын амбулаторияда не бар, не жоғын қарап жатыр. Тек Қоянды ғана емес, ауданға кіретін барлық ауылдардағы медбөлімшелердің жоғын түгендейтін болады.

Михаил Демин, Ақмола облысы Көкшетау ауданы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

Бізге жедел жәрдем станциясының бөлімшелерін ашуды бұйырды. Айта кетсек, тек Қояндыда ғана емес, сонымен бірге, Қараөткел мен Қосшыда. Қазір бөлімшені ашудағы мүмкіндіктермен танысып жатырмыз. Барлығын түгендегеннен кейін жергілікті атқарушы билікпен ғимарат бөлу мәселесін шешуіміз керек. Содан кейін денсаулық сақтау басқармасына баяндап, қаржы бөлінгеннен кейін жұмыстарды бастаймыз. Себебі бұл ауылдар шынымен де жедел жәрдем қызметіне зәру.

Бірге айтатын проблема - қызмет көрсету деңгейі. Денсаулық сақтау министрі әсіресе аудандарда қызмет көрсету сапасының онша еместігін біледі екен. Тіпті ауыл-аймақтағы қызметкерлердің жедел жәрдем көліктерін басқа мақсаттарға пайдаланып жүретінін Біртановтың өзі айтып отыр. Қазір министрлік қызметтің сапасы мен жеделдігін күшейту үшін әр көлікке арнайы GPS құрылғысын орнатпақ.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Соңғы жылдары жалпы жедел жағдайдағы медициналық көмектің жоғары емес болғаннан кейін, шешім қабылданып, пилоттық жобаны облыстарға қарастырып, жалпы әр облыста бірігіп жедел жәрдем станциясы құрылады. Аудандық жедел жәрдемді облысқа қосып тікелей басқарып отырады. Сонда біз біріншіден, жедел жәрдем көліктерін бригадаларын бақылап отырамыз. Өткен жылдары басқа мақсаттарға пайдаланып, көп жағдайда науқастар звондағанда бригада жоқ, көлік бір жаққа кетіп қалған дегендей. Басқа жағдайларға пайдаланған. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, қазір республикада  барлығы 2092 жедел жәрдем көлігі бар. Биыл өңірлерге 73 жаңа көлік сатып алынған. Алайда министрлік бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін жасырып қалды. Айта кетсек, Қарағанды облысына 37 көлік бұйырған. Павлодар облысына 19, Алматы облысына 15, ал Ақтөбе мен Солтүстік Қазақстан облыстарына тек бір-бірден бөлінген. Сондай-ақ, биыл елде 49 жедел жәрдем машинасы істен шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігі заманауи жедел жәрдем көліктерін алып, былтыр 3 мыңнан аса маманды халықаралық жедел жәрдем стандарты бойынша оқыттық деп отыр. «Заманауи» әрекеттер заманауи қызметтен көрініп, Қоянды жұрты сияқты дабыл қағып, журналистер шақыра алмайтын, өйтуге мүмкіндігі жоқтарға да көрсетілер ме екен?

Диана Сапарқызы «Біздің уақыт».