Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-қа экспортталатын тауар көлемінің 10,8 пайызы жеңілдіктен қағылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2018
  • 6108

АҚШ-қа Қазақстаннан экспортталатын тауар көлемінің 10,8 пайызы жеңілдіктен қағылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлтық экономика министрлігінің баспаөз қызметі хабарлайды. Былтыр Қазақстаннан АҚШ-қа  экспортталған тауарлар: ферроқорытпалар - 183,3 млн доллар, уран және оның қоспалары - 77 млн доллар,  тантал және одан жасалған бұйымдар - 25,5 млн доллар, өңделмеген қорғасын - 16,9 млн доллар. Осы тізімде тантал және одан жасалған бұйымдар мен өңделмеген қорғасын салықтық жеңілдікке ілікпей қалуы ықтимал. Ол жалпы экспорттың 10,8 пайызын құрайды.

Еске салайық, Қазақстан кейбір тауар түрлері бойынша салықтық жеңілідкке ие елдер тізімінде. АҚШ бұл тізім бойынша президенттің шешімін әр екі жыл сайын қарайды. Биыл бұл тізімнен Қазақстанды шығару мәселесі қаралып жатыр.