Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық қыз-келіншектер денсаулығын тексертуге асығар емес

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2018
  • 2687

Оралдық қыз-келіншектер денсаулығын тексертуге асығар емес. Емхана өкілдері мәлімдегендей, скринингтен өтуге шақырылған 3500 әйел адамның  үштен бірі ғана тексеруден өткен.  Дәрігерлердің сөзінше, мұның себебі көп. Тұрғындардың біразы қатерлі ісік дерті табыла ма деп қорқады екен. Енді бірінің емханаға арнайы баруға уақыты жоқ.  Ал тағы бір тобы өз денсаулығының жақсы екеніне сенімді. Бірақ қатерлі ісіктің алғашқы кезеңі елеусіз өтетінін алға тартқан дәрігерлер тексерілуге кеңес береді. 

Өз еркімен профилактикалық, яғни алдын-ала тексеріске келуге бейімделмеген. Тек ауырған кезде, ауруы асқынған кезде ғана келеді. Адам қаншалықты ертерек келіп, тексерістен уақытылы өтетін болса, соншалықты ауруын асқындырмауға болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 7000-ға тарта адам онкологиялық ауруға шалдыққан. Соның ішінде әйелдер арасында сүт бездерінің ісігі жиі кездеседі. Онкологтардың мәліметінше, әрбір он бірінші әйел осы дертпен ауырады.