Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мектептерінде берілетін тамақ диабет пен онкологиялық ауруларға себеп болады

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2018
  • 2988

Мектептерде берілетін тамақ диабет пен онкологиялық ауруларға себеп болуы мүмкін. Қазақ тағамтану Академиясының өкілдері осылай деп дабыл қақты. Бүгінде мектеп жасындағы балалардың төрттен бірі семіру дертіне шалдыққан. «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының ақпаратына сенсек, диабет дерті мен рак ауруларының 40 пайызы сапасыз ас мәзіріне байланысты. Бұл жағдай мектептерге де тән дейді сарапшылар. Олар ас мәзірінде қуырылған және ұннан дайындалатын тамақтың көп екеніне алаңдаулы. Газдалған және құрамында химиялық қоспалары бар сусындар сатылады.

Марианна Гурина, «Ұлағатты жанұя» ҚҚ президенті:

Әр балаға мемлекет бөлген 250 теңге далаға кетті деуге болады. Өйткені бұл ақшаға құнарлы тамақ дайындау мүмкін емес. Сондықтан мектепте тамақтану реформасын жасау керек. Әйтпесе жағдай ушыға береді. 

Қазақ тағамтану Академиясының мамандары оқушыларға лайықталған ас мәзірін дайындапты. Тізімге сай балғындарға арналған түскі астың құны 650 теңге, ал жасөспірімдерге 950 теңгені құрайды. Қоғам белсенділерінің сөзінше, бастамашыл топтың ұсынысымен Алматыдағы мектептердің бірінің базасында арнайы жоба дайындалып жатыр. Демеушілер көмегімен алдағы оқу жылынан бастап бастауыш сыныптағылардың біріне пайдалы тамақ беріле бастайды.